Қордайда екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан 6 адам қаза тапты
АСТАНА. Қарашаның 16-сы. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Қордай ауданында екі автокөліктің соқтығысуы салдарынан 6 адам қаза тапты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы қарашаның 15-і күні сағат 10.30-да Алматы-Ташкент автожолының 144-ші шақырымында «Тойота» және «ВАЗ» автокөліктерінің қатысуымен болды. Апат салдарынан екі көліктің жүргізушісі мен «ВАЗ-дың» үш және «Тойотаның» тұлғасы анықталмаған 30 жасар жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.