Қордайда шекарашылар есірткімен 5 адамды ұстады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар «Көкнәр-2016» жедел алдын алу шарасын жалғастыруда.
Тәулік ішінде қазақ-қырғыз шекарасында есірткі алып өтпек болған 5 факті тіркелді.
ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінде хабарлағандай, Қордай шекара жасағының «Қордай авто» өткізу пунктінің отряды 5 азаматты ұстады, оның 5-еуі қазақстандық, екеуі қырғызстандық. Олар 11 грам гашиш алып өтпек болған.
Иісшіл иттің көмегімен «Форд Сиера» көлігі арқылы Қырғызстаннан Қазақстанға бет алған Қазақстанның 50 жастағы азаматы ұсталды. Оның қалтасын тексеру барысында салмағы 2 грамм қошқыл-жасыл түсті өсімдік - гашиш табылды.
Осындай көлемде гашишті 38 жастағы қазақстандық та алып өтпек болған. ол Қырғызстаннан Қазақстанға жаяу шыққан.
Осы бағытта келе жатқан Қырғызстанның 37 жастағы азаматынан 3 грамм есірткі заты тәркіленді. 42 жастағы қазақстандық пен 35 жастағы қырғызстандықтан 2 грамнан гашиш табылды.
Барлық ұсталғандар Қырғызстаннан Қазақстанға өтпекші болған.