17:32, 07 Қаңтар 2015 | GMT +5
Korean Air басшысының қызы ұшақтағы ережені сақтамағаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік кореялық Korean Air әуе компаниясы президентінің қызы Чо Хен ұшақтағы ережені сақтамағаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол стюардессаны жаңғақты дұрыс ұсынбағаны үшін борттан қууды талап еткен.
Бұл туралы Associated Press хабарлады.
Хен қауіпсіздік ережесін бұзды, рейс бағытын өзгерту әрекеті және әуе компаниясы қызметкеріне қатысты жағымсыз қылық жасады деп айыпталуда.
Оқиға 5 желтоқсанда орын алған. Хен экипаждан оған тұздалған жаңғақты ыдыста емес, бумада әкелген стюардессаны қууды талап еткен. Салдарынан Нью-Йорктан шыққан рейс 20 минутқа кешікті.
Кейінірек Хен өз қылығы үшін кешірім сұрады.