05:43, 14 Қаңтар 2018 | GMT +6
Көрермендерді КХЛ «Жұлдыздар матчы» ойындарына арнайы автобустар жеткізетін болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «КХЛ жұлдыздар матчы» көрермендеріне арнайы автобустар ұйымдастырылады, деп хабарайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Автобустардың жүру уақыты - сағ 12:00-ден 12:30-ге дейін;
Жүру орны:
- «Қазақстан» СК тұрағы;
- Бөгенбай батыр ескерткіші тұрағы (Богенбай батыр - Сарыарқа даңғ. қиылысы);
- «Нұр Астана» мешіті тұрағы;
- «Жастар» сарайы» тұрағы;
- «Астаналық цирк» тұрағы.
Арнайы автобустардың жүру ақысы - 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз.
Іс-шара аяқталған соң «Барыс Арена» МА тұрағынан қалаға апаратын арнайы автобустар ұйымдастырылады.