Көрермендердің өтінінішіне орай «Қазақстан» телеарнасында «Көк тарландары» хикаясының жалғасы көрсетіледі (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан» телеарнасы көрермендерінің көптеген сұраулары бойынша, Қазақстанда «әскери» тақырыпқа алғаш рет түсірілген «Көк тарландары» хикаясының жалғасы көрсетіледі. Бұл туралы ұлттық арнаның баспасөз қызметі хабарлады.

Көрермендердің өтінінішіне орай «Қазақстан» телеарнасында «Көк тарландары» хикаясының жалғасы көрсетіледі (ФОТО)

Туынды әскери қызметкерлердің күнделікті күрделі өмірін, олардың ерліктерін, Отанды қорғау үшін өз өмірін қиюға дайын тұратындықтарын сипаттайды.

Оқиға ортасында әскерге дейін өзінің жеке өмірлерімен, өзінің шағын әлемінде өмір сүрген әскерге жаңадан шақырылғадар болады. Алдарында тағдырларындағы елеулі сәттердің бірі - Отанға қызмет ету борышы күтіп тұр. Әр түрлі ұлт өкілдерінен әскерге жаңадан шақырылған жас ұландарды Отан алдында жауапкершілікті сезінуді, бұрынғыдан да мықты, батыл болуға үйрететін, жаңа достар табылатын әскери қызмет мерзімі күтіп тұр.

Хикая кейіпкерлері күн сайын түрлі өмірлік жағдайлардың шешімін табуға бейімделеді. Әр түрлі күрделі тапсырмаларды орындау кезінде олардың ерлігі және сәттілік жауынгерлерді сыннан сүріндірмей өткізеді. Өмір қалай өзгерсе де, олар адамгершілік қалпын сақтап қалған қарапайым жігіттер болып қала бермек.

Қалай болған жағдайда да, хикаядағы барлық тұлғалар - офицерлер, генералдар, қатардағы жауынгерлер, барлығы да «Отан жауынгерлері».

Қиындығы мол құрметті кәсіпті таңдаған батыр адамдар жайлы телехикаяны жіберіп алмаңыздар! 18 сериялы хикаяның екінші маусымы 29 сәуір күні 21.50-те басталады.