Корей театры шетелдіктердің таңданысын туғызып отыр - Елбасының зиялы қауым өкілдерімен кездесуі

АЛМАТЫ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - Алматыдағы Музыкалық комедия корей театрының құрылғанына 75 жылдан астам уақыт болды.

Корей театры шетелдіктердің    таңданысын  туғызып  отыр -   Елбасының   зиялы  қауым өкілдерімен  кездесуі
Сонау 1937 жылы ғана театр Қызылордаға ауыстырылды. Ол біздің халқымыз үшін қиын жылдар болатын. Қазақстандықтардың қонақжайлылығы мен ыстық ықыластарының арқасында корейлер тек аман қалып қана қойған жоқ, өздерінің бірегейліктерін ? тілдері мен мәдениетін сақтап қала алды. Кеше Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың зиялы қауым өкілдерімен болған кездесуінде Мемлекеттік республикалық корей театрының директоры Любовь Ни ханым осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Театр директорының айтуынша, бұл ұжым - бірегей, себебі ол өзінің тарихи отанынан тыс жерде жұмыс істейтін әлемдегі жалғыз корей театры. Құрылғаннан бері оның сахнасында 300-ден астам қойылым мен концерттік бағдарлама болған. «Біздің театрымыздың мемлекеттік мәртебеге иелік етуі шетелдік қонақтардың таңданысын туғызады. Ал әлемнің көптеген елдерінде корейлердің диаспоралары баршылық. Мұндай театрдың дәл Қазақстанда болуы ел халқының толеранттылығын және ел басшысының дана саясатының көрінісі. Қазақстанның театр әлемінің көптеген тілдерде сөйлеуі, тек абырой ғана емес, еліміздің нағыз қазынасы», - дейді Л.Ни ханым.