Корей түбегіндегі жағдайды тұрақтандыру мақсатында Пхеньян Сеулге диалог жүргізуді ұсынды

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - КХДР Оңтүстік Кореяға таяу мерзімде Корей түбегіндегі жағдайды тұрақтандыру үшін Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы қарым-қатынасты тұрақтандыру мақсатында диалог жүргізуді ұсынды.

Корей түбегіндегі жағдайды тұрақтандыру мақсатында Пхеньян Сеулге диалог жүргізуді ұсынды

Мұндай ұсыныс Пхеньянда өткен КХДР Үкіметінің мәжілісінде саяси партиялар мен елдің қоғамдық ұйымдарының қатысуымен мақұлданған мәлімдемеде айтылды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС ЦТАК ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Құжатта КХДР «кез келген жерде, кез келген жағдайда» Оңтүстік Корея билігімен, оның саяси партияларымен, басқа да тіпті оппозициялық ұйымдарымен келіссөздер жүргізуге, қордаланған мәселелер бойынша кең ауқымдағы диалогтерге баруға әзір екендігін анық білдірген.