Корея осы ғасырда байқалмаған аптап ыстықтан зардап шегуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - КХДР тұрғындары соңғы 100 жылда байқалмаған аса қатты аптап ыстықтан зардап шегуде.
Корея орталық телеграф агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, жауын-шашынның жеткіліксіздігінен елдегі күріш плантациялары қурап қалып жатыр. Сеулдің мәліметінше, егер аптап шілде айының басына дейін жалғасатын болса, Солтүстік Кореядағы өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда, 20%-ға төмендеуі мүмкін. Бұл елдегі онсыз да нашар азық-түлік жағдайын күрделендіріп жібермек.