Корея Президенті: Сеул мен Пхеньян бейбітшілік пен бірігуге қозғалысты бастай алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Корея Республикасы мен КХДР өткен аптада Пханмунджомда өткен шиеленісті бәсеңдету жөніндегі келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды сақтаған жағдайда бейбітшілік пен бірігуге қарай қозғалысты бастай алады. Бұл туралы сейсенбі күні оңтүстіккореялық президент Пак Кын Хе мәлімдеді.
None
None

«Егер қиындықпен қол жеткізілген уағдаластықтар ойдағыдай орындалса, Корея түбегіндегі бейбітшілік пен бірігу, ынтымақтастық жағына қарай қозғалысты бастауға болады», - деп атап көрсетті ол министрлер кабинетінің отырысында. Корея Республикасының көшбасшысы екі ел 1950-1953 жылдардағы соғыс ажыратқан отбасылардың туыстарымен кездесуін ойдағыдай өткізе алатынына үмітін білдірді. Оны ұйымдастыруға қатысты келіссөздер 7 қыркүйекте, ал кездесудің өзі 27 қыркүйекте, Кореяда егін мерекесі және Чхусок ата-бабаларын еске алу күнінде болуы тиіс, деп жазады ТАСС.

2009 жылғы корейаралық тарихи саммиттен кейін Пхеньян мен Сеул жарты ғасырдан астам уақыт бойы туыстары мен жақындарын көрмеген туысқандардың кездесуін бірнеше рет өткізді. Соңғысы - 2014 жылдың басында өтті. Солтүстік және Оңтүстік Кореяға бөлінген тұрғындар бір-біріне қонаққа бара алмайды, хат жазыса алмайды, телефонмен сөйлесуге де және Интернет арқылы байланысуға да мүмкіндік жоқ.

Өткен аптада өткен КХДР мен Корея Республикасының жоғары мәртебелі өкілдерінің келіссөздерінде тараптар «қысқа мерзімнің ішінде Пхеньянда немесе Сеулде корейаралық қатынастарды сауықтыру бойынша өкіметтер арасында келіссөздерді ашу және бұдан былай бірқатар салалар мәселелері бойынша диалог пен келіссөздер жүргізу, сондай-ақ бөлінген отбасылар мүшелерінің, олардың туыстарымен кездесуін ұйымдастыру және оны бұдан былай жалғастыру жөнінде уағдаласты. Солтүстік және Оңтүстік сондай-ақ әртүрлі салалардағы азаматтық ұйымдар арасында алмасуды жандандыруға уәде берді.

Соңғы жаңалықтар