Корея Республикасы президентінің Өзбекстанға мемлекеттік сапары күтілуде

ТАШКЕНТ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Мамырдың 10-ы мен 12-сі аралығында Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бактың Өзбекстанға мемлекеттік сапары болады,

Корея Республикасы президентінің Өзбекстанға мемлекеттік сапары күтілуде
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сапар Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтың шақыруына сәйкес өтеді. Ресми ақпарат бойынша сапар барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету мәселелері, аймақтық және халықаралық сипаттағы өзекті проблемалар талқыланады. Корея Республикасы Өзбекстанның Азия-Тынық мұхит аймағындағы жетекші сауда-экономикалық және саяси әріптесі болып табылады. 2008 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 123 пайызға ұлғайып, 1,056 млрд. АҚШ долларын құрады.