Корея Республикасына 2 миллион тонна қазақ астығы экспортталатын болады - Н. Назарбаев

СЕУЛ. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Корея Республикасына 2 миллион тонна қазақ астығы экспортталатын болады, ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастық кеңейеді. Бұл туралы бүгін Сеулде Корея Президенті Ли Мен Бакпен болған келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты,

Корея Республикасына 2 миллион тонна  қазақ астығы экспортталатын болады - Н. Назарбаев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы екі елдің арасындағы жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы қол жеткізілген келісімдерді айрықша атап өтті. «Біз ғарыш, көлік және коммуникация, денсаулық сақтау салаларындағы бірлескен жобалардың табысты жүзеге асатынына сенім артамыз. Сапар аясында өте салмақты бизнес форум өтті. Онда іскерлік құжаттарға қол қойылды, Іскерлік кеңесі құрылды», деді Н. Назарбаев.