Корея Республикасының БҰҰ жанындағы делегациясы Қауіпсіздік кеңесіне хат тапсырды

АСТАНА. Маусымның 5-і. ҚазАқпарат - БҰҰ жанындағы Корея Республикасының делегациясы жұма күні Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасына оңтүстіккорейлік «Чхонан» кемесінің апатына байланысты жағдайды талқылау үшін мәжіліс шақыру туралы өтініш-хат табыс етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Корея Республикасының БҰҰ жанындағы  делегациясы   Қауіпсіздік  кеңесіне     хат тапсырды

Журналистерге дерек көздерден мәлім болғандай, хатта «өңірде қалыптасқан күрделі жағдайға лайықты үн қату» туралы өтініш айтылып отыр. Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері бұл мәселені қашан қарайтыны әзірге беймәлім.

Бұған дейін Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бак, наурыздың 26-сында сары теңізде оңтүстіккорейлік «Чхонан» корветінің суға батуына Солтүстік Кореяның қатысы туралы мәселені қарау және Пхеньянды жауапқа тарту туралы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне өтініш жасағанын мәлім еткен болатын.

Оңтүстік Корея Президенті, Пхеньяннан аталған оқиғаға өзінің қатысын мойындап, жауапкершілікті мойнына алғанын және Оңтүстік Корея мен әлем қоғамдастығынан кешірім сұрағанын талап етті. Оның айтуынша, «Корея Халық Демократиялық Республикасы өзінің кінәсін мойындауы және бұдан былай мұндай әрекеттерге бармауға уәде беруі керек».