Кореяда 72 мыңнан астам көлік кері қайтарылады

Tesla Korea, Hyundai Motor Co. және тағы төрт өндірушінің 72 мыңнан астам көлігі кері қайтарады. Бұған көлік бөлшектеріндегі ақау себеп болған. Kazinform агенттігі бұл туралы Yonhap ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кореяда 72 мыңнан астам көлік кері қайтарылады
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Tesla шығарған шамамен 63 991 көлікте, соның ішінде Y моделіндегі автопилот жүйесінде бағдарламалық қате, ал Model X-тің шамамен 1 990 бірлігінен соқтығысқан жағдайда есікті құлыптау механизмінде ақаулар болғаны анықталды.

Hyundai көлігінің 2400-ге жуық бірлігі, соның ішінде G80 моделінің артқы дөңгелегінің жетек білігінен ақау шықты. Бұл көліктердің қозғалыс кезінде тоқтап қалуына әкеп соқтыруы мүмкін еді.

Ford Mustang маркалы 2156 көлік тежегіш сұйықтығы аз болған кезде ескертуді дұрыс бере алмады.

Nissan-ның 1100-ге жуық көлігінде, соның ішінде Altima 2.0 моделінде артқы көрініс камерасында проблемалар болды.

Kia Seltos автокөлігінің 922 бірлігі қауіпсіздік көпшігі жүйесіндегі ақауларға байланысты кері қайтарылды, Honda Odyssey маркалы 49 минивэнда қозғалтқыш бөліктерінде ақау бар екені екені анықталды.