Кореяда MERS вирусын жұқтырған 185-ші оқиға тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда MERS респираторлық вирусын жұқтырғандардың саны 185 адамға жетті.

Кореяда MERS вирусын жұқтырған 185-ші оқиға тіркелді

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Samsung медициналық орталығының 25 жастағы дәрігер әйелі бұл дертке шалдыққан.

Вирустан құрбан болғандар саны өзгермеді. Індетті жұқтырғандардың 33-і қаза тапты. MERS вирусын жұқтырған 185 адамның 41-і ауруханада, 11-нің жағдайы ауыр. 2 мыңнан астамы карантинге ілікті, деп хабарлады Би-би-си. Болжам бойынша вирусты елге Таяу Шығыстан оралған жергілікті азаматтардың бірі әкелген. Ауру қарапайым респираторлық инфекция сияқты басталады, алайда ауыр жағдайға күрт ауысып, өкпеге кері әсерін тигізеді. Коронавирус елде 20 мамырдан тарай бастады.