Кореяда MERS вирусынан ажал құшқандардың саны 34-ке жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Корей Республикасында таяу шығыс респираторлық синдром коронавирусының асқынуы салдарынан тағы бір науқас көз жұмды. Yonhap агенттігі хабарлағандай, дерттің салдарынан кісі өлімі соңғы сегіз күнде бірінші рет тіркелді. Осылайша, құрбандардың жалпы саны 34-ке жетті.

Кореяда MERS вирусынан ажал құшқандардың саны 34-ке жетті

Сонымен қатар, бірнеше күннен бері вирусты жұқтырушылар тіркелген жоқ. Елде індетке барлығы 186 адам шалдыққан. 811 адам үй карантинінде.

Оңтүстік Корея аумағында БВРС-КоВ вирусын алғаш жұқтыру жағдайы 20 мамырда тіркелді. Вирусты Таяу Шығыс елінен сапардан оралған КР азаматы әкелгені анықталды.