19:18, 21 Қазан 2015 | GMT +5
Кореялық пианиношы Сенг Чжин Чо халықаралық Шопен байқауында жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 жастағы оңтүстіккореялық пианиношы Сенг Чжин Чо Варшавада өткен Шопен атындағы халықаралық байқауда жеңіске жетті, деп хабарлады epochtimes.ru.

Бірінші орын алған байқау жеңімпазы 30 мың еуро мен алтын медальға ие болды. Күміс медаль мен 25 мың еуроны канадалық пианиношы Шарль Ришар-Амлен, қола медаль мен 20 мың еуроны АҚШ өкілі Кейт Лю еншіледі.
Байқау жеңімпазы Сенг Чжин Чо Шопен шығармаларын бала кезінен орындап келеді. 2011 жылы ол Петр Чайковский атындағы XIV халықаралық байқауының лауреаты атанған. Өзге де марапаттары жетерлік.
Биыл әлемдегі ең беделді байқаулардың қатарындағы пианиношылар сынына 20 елдің 78 өкілі қатысты.