Кореялықтар SMS-ті шапшаң теруден әлемдік біріншілікте жеңіске жетті
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте LG Electronics компаниясы ұйымдастырған SMS-хабарламаларды шапшаң теруден үшінші әлемдік чемпионат өтті. Жұма күні, қаңтардың 15-інде мәлім болғанындай, турнирде оңтүстіккореялық жасөспірімдер командасы жеңіске жетті.
Оңтүстіккореялық жұптың қарсыластары әлемнің әр шалғайынан келген ондаған командалар болды. Әлемдік чемпионаттағы жеңісі үшін Оңтүстік Кореядан келген команда 100 мың доллар алды. Екінші орын және 20 мың доллар АҚШ-тан келген қатысушыларға бұйырды. Қола жүлде - аргентиналық команданың еншісінде.