Кореяның дағдарысқа қарсы бағдарламасын зерттеу үшін таяу уақытта қазақстандық мамандар Сеулге барады

None
None
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Корея Республикасының дағдарысқа қарсы бағдарламасын зерттеу үшін таяу уақытта қазақстандық мамандар Сеулге барады.
Бұл туралы бүгін Ақордада Корея Президенті Ли Мен Бакпен болған келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біз әрдайым жоғары деңгейдегі және министрліктер мен ведомстволар деңгейіндегі диалогқа ұмтылатын боламыз деп уағдаластық. Корея Республикасының дағдарысқа қарсы жоспарын және тәжірибесін зерттеу үшін қазақстандық мамандардың арнайы тобы таяу уақытта Сеулге баратын болады», деді Н. Назарбаев баспасөз мәслихатында.
Соңғы жаңалықтар