Кореяның ұлттық хоры Абай әнін шырқады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Корея Республикасының ұлттық хоры қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының «Айттым сәлем Қаламқас» әнін қазақ тілінде орындап, елордалық көрермендерді тәнті етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дирижер Ку Чонның жетекшілігімен әртістер мұнан бөлек қазақтың халық әндері «Бір бала» мен «Наз қоңырды» нақышына келтіре орындады. Олар бұл өнерлерін Оңтүстік Корея мен Қазақстанның арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына арналған арнайы концертте көрсетті. Корея Республикасының ұлттық хоры конерт барысында кәрістердің ұлттық әндерімен қатар «Трубадор» мен «Травиата» операларынан клаиссикалық композицияларды да орындап, елордалық көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

«Мен үшін хор - бұл қысты күнгі жапалақтап жауған қар сияқты. Көзіңді жұмып, хормен айтылған әуезді әнді тыңдаған кезде тылсым әуеннің көктен төмен түсіп келе жатқанын сезінесің. Адамзатты ләззатқа бөлейтін, осынау қиын өмірлік жолда шабыттандыратын хормен ән орындау Жаратқанның берген сыйы сияқты», - деді Кореяның Қазақстандағы Елшісі Ким Дэ Сик.

1973 жылы құрылған Корея Республикасының ұлттық хоры бұл елдегі ең бірінші кәсіби хор саналады. Ол жылына шамамен 60-қа жуық рет өнер көрсетеді. Бұған дейін хор ұжымы Еуропаның көптеген елдерінің, АҚШ, Ресей, Қытай, Жапонияның тұрғындарын өнерлерімен тәнті еткен.

Айта кетерлігі, кореялық өнер ұжымы алдағы уақытта Павлодардаға концерттік бағдарламамен бармақ.


Соңғы жаңалықтар
telegram