Кореяның жаңа билігі Қазақстанмен тығыз жұмыс жасауға мүдделі - Ким Дэ Сик
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Қазақстан - Корея іскерлік кеңесінің кезекті отырысында Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэ Сик өз елінің және жаңа президенттің ыстық сәлемін жеткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Менің Қазақстанға елші болып келгеніме үш ай ғана болды. Дегенмен, осы уақыттың ішінде Қазақстанның біраз жетістіктерге жеткеніне көзім жетті. Нұрсұлтан Назарбаев болса, осы жолда Оңтүстік Кореяның тәжірибесі жайында ылғи айтып отырады. Қазақ xалқы да өте мәдениетті. Көшеде келе жатқанда менімен кәріс тілінде амандасатындар кездеседі. Шынымды айтсам, ондайда төбем көкке бір елі жетпей қалады. Қазіргі кезде Кореяда жаңа президенттің келгенін жақсы білесіздер. Президентіміздің жаңа әкімшілігі Қазақстанмен арадағы ынтымақтастық байланыстарды күшейтуді қалайды. Мен болсам, жаңа елші ретінде осы жолда бар күш-жігерімді саламын», - дейді Ким Дэ Сик.
Елшінің айтуынша, бүгінде мұнай бағасының құбылуына байланысты екі елдің сауда-саттығы біршама баяулап қалды.
«Дегенмен, Қазақстан табиғи ресурстарға бай ел, тауар тасымалдау жағынан географиялық орналасауы да тиімді. Ал Кореяда теxнологиялар бар. Сондықтан бізде өзара әріптестік орнататын салалар көп. Болашақта ынтымақтастық байланыстарымызды тереңдете аламыз», - деп атап көрсетті Сик мырза.
Айта кетейік, бүгін Астанада Қазақстан - Корея іскерлік кеңесінің VI отырысы басталды.
Отырыстың басында кеңестің тең төрағасы Сан-Хо Шин ағынан жарылып, кәріс кәсіпкерлерінің қазақ жерінде жұмыс істегісі келетінін жеткізді. Оның ойынша, да Қазақстанда бизнес үшінжақсы жағдай жасалған.