Корейлер ассоциациясының басшысы: қазақ халқы бізге болашаққа деген сенім берді

АСТАНА. 20 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан корейлері ассоциациясының ХІІ съезінде сөз сөйлеген ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, Ассоциация президенті Роман Ким өткен ғасырдың 30-жылдарындағы қасіретті тарихты ұмытпауға шақырды.
None
None

«Қазақстандағы корей диаспорасының 75 жылдығына орай біз Алматы облысының Үштөбе қаласы мен Орал қаласында қазақ халқына деген сыйластықтың белігісі ретінде ескерткіштер орнаттық. Бұл біздің халқымыздың басынан өткен нәубет кезінде қазақ халқының көрсеткен жанашырлығы мен қамқорлығына айтқан алғысымыз. Қазақ халқы бізге болашаққа деген сенім берді. Біздің сол жылдарды ұмытуға құқымыз жоқ. Біз тағдыр тәлкегіне түскен кезде қол ұшын бергендерді ешқашан ұмытпауға тиіспіз!» - деді Р. Ким.

Съезге еліміздің барлық өңірлерінен 80-нен астам делегет қатысты. Сондай-ақ, арнайы қонақ ретінде Өзбекстан Республикасының корей мәдени орталықтары ассоциациясының төрағасы Виктор Пак та келді.

Соңғы жаңалықтар