Астанада Қорғалжын тасжолының бір бөлігі жабылды

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада тағы бір жолда көлік қозғалысына тыйым салынды. 

дорога пробки Астана автомобили жол кептеліс көліктер
Фото: Адлет Беремкулов/ Kazinform

Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қорғалжын тасжолының Тұран даңғылына жақындағанда оң жағындағы жол төсемінде жөндеу жұмысы жүргізілетінін хабарлайды.

Осыған байланысты 14-15 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады.

Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы қоса берілген схемаға сәйкес ұйымдастырылады.

аа
Фото: Астана әкімдігі

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмысын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз» деп ескертеді әкімдіктен. 

Соңғы жаңалықтар