Қорғалжын аудандық мәдениет үйінде өткен жыр кеші Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналды

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 3-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Қорғалжын аудандық мәдеиет үйінде Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орайластырыла өткен «Абыз ақын жырлары» атты жыр кеші жерлес ақын Мұқан Сағынбековтің шығармашылығына арналды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай ұйымдастырылған кездесуге жиналған өңір тұрғындары ақынның әр өлеңін жатқа біледі десе де болғандай. Кезінде Абылай ауылында тың көтеріп, егін сепкен. 1977-ші, 2006-шы жылдары облыстық ақындар айтысының жүлдегері атануы тегіннен тегін емес. 1985 жылы Қарағанды университетінің журналистика факультетін бітірген. Ерен еңбегі еш қалмай, Еңбек Қызыл Ту орденін омырауына қадап, қай салада жүрсе де алдыңғы шептен көрінді. Мұқаң өз жырларына ауылдастарының шат тұрмысын, жастық шақты, отансүйгіштікті, ерлік пен ержүректікті арқау еткен. «Ғалымның хаты» жауынгердің елге деген сағынышының көрінісі. «Туған жер» өңір әнұранына айналған. 2008 жылы «Қорғалжынның қоңыр күзі» өлеңдер, дастандар, аңыздар мен толғаулар жинағы жарық көріп, оқырмандарымен қауышқан. Ал соңғғы уақытта туындаған өлеңдері жаңада баспаға тапсырылған. Жыр кешінде ауылдастары өлеңдерін оқып, сан алуан сауалдарына нақтылы жауап алды. Жергілікті өнерпаздар соғыс және тыл ардагерлеріне қошемет көрсетіп, ән биден шашу шашты.

Соңғы жаңалықтар