10:05, 08 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Қорғалжын ауданында 153 гектар жерде картоп пен көкөніс өсіріледі
ШЕТАУ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысына қарасты Қорғалжын ауданында биыл 100 гектарға картоп отырғызылып, 53 гектарға көкөніс өсірілуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Абай Медеубаев бастаған «МТС-Қорғалжын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 8 мың гектар егіншілік пен 30 гектар алқапқа картоп, көкөніс өсіруде. Серіктестік жаз бойы 25 адамды жұмыспен қамтамасыз етті. Олар картоп, қызанақ, қырыққабақ, сәбіз, қияр өсіруде әбден ысылып алған. Енді міне, күзгі жиын-терін жұмыстары басталып, алғашқы өнім елордаға жөнелтіле бастады.
Қыста сақтауға шыдамды өнімге деген тапсырыс та көптеп түсуде. Биыл өңірде «Дүйсенбеков», «Наурызбай», «Ақ жол-2030» шаруа қожалықтары табысы мол саланы өрге бастыруға ниеттенді. Алынған өнім ішкі қажеттілікті де толықтай қамтамасыз етуге бағытталған.