Қорғалжын ауданында «Сұңқар» кәсіптік училищесінен 14 ноутбук қолды болды
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз мәслихаты мәлімдегендей, өткен жұмадан сенбіге қараған түнде Қорғалжын ауданы орталығындағы «Сұңқар» кәсіптік училищесінен 14 ноутбук қолда болған,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түн жамылған ұрылар оқу орнының екінші қабатындағы медиа кабинеттің терезесін сындырып кіріп, ықшам компьютерлерді ұрлап кетіп, білім ордасына бес миллион теңге шығын келтірген. Қазір облыстық ішкі істер департаментінен жасақталған арнайы топ іздестіру шараларын жүргізуде.