Қорғалжын қорығының аумағы кеңейтілді және Жайық өзені сағасында «Ақжайық» жаңа резерваты құрылды

АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат – ҚР Үкіметінің қаулысымен Қорғалжын қорығының аумағы 284,208 гектарға ұлғайды. Енді қорық аумағы ресми түрде 543,171 гектарды құрайды. Оны ұлғайту Ақмола облысының Қорғалжын және Қарағанды облысының Нұра аудандарының жерлерін беру есебінен жүргізілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі Қазақстан мен бүкіл Азияның жыл құстары ұшып қонып, мекендейтін маңызды сулы-батпақты көлдер жүйесі. 1974 жылы Теңіз-Қорғалжын сулы-батпақты алқабы көлдер жүйесі Рамсар тізіміне енгізілді. 2000 жылы Теңіз халықаралық «Тірі көлдер» желісіне енді. Бүгінгі таңда аталған аумақ ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енгізіліп отыр, болашақта мұнда биоаумақтық қорық ашуға болады. Сондай-ақ Үкімет қаулысымен Каспий теңізінің солтүстік алабы мен Жайық өзенінің сағасында «Ақжайық» табиғат резерваты құрылды. Резерват Атырау қаласы әкімдігі мен осы облыстың Махамбет ауданының әкімшілік жағынан бағыныстағы жерлерінде орналасқан. Әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан осы резерватты күзету үшін Үкімет 86 адамнан тұратын штат бөлді. Жайық өзенінің сағасындағы сулы-батпақты жерлер және оған жалғасып жатқан Каспий теңізінің жағалауы еуразиялық құрлықтағы миллиондаған суда жүзетін және оны айналасындағы құстардың ұя салатын, тіршілік етіп, маусымдық ұшып-қонатын және қыстайтын жерлері. Қаулы Қазақстанның Рамсар конвенциясын ратификациялағаннан кейін өзіне алған міндеттемелерін орындау және бірегей биоалуандықты сақтау мақсатында қабылданды.
Соңғы жаңалықтар