Қорғалжын тас жолымен Тұран даңғылынан ҚазМЗУ-ға дейінгі жол қайта жөндеуге жабылды - Астана қалалық ЖПБ

Бұл туралы қалалық ІІД ЖПБ баспасөз қызметі хабарлады.
Қорғалжын тас жолындағы қозғалысты тоқтату үш саты бойынша жүзеге асырылады.
- 1. Тұран даңғылынан Айғаным көшесіне дейін;
- 2. Айғаным көшесінен Атырау көшесіне дейін;
- 3. Атырау көшесінен ҚазМЗУ-ге дейін.
Қайта жөндеу жұмыстары кезінде жол алты жолаққа дейін кеңейтіледі. Естеріңізге сала кетейік, қазір Қорғалжын трассасында көліктер екі жолақ арқылы жүруде. Жаңбыр суы кәріздерін жасау жұмыстары жүргізіліп, жаңа бағдаршамдар мен жол белгілері орнатылады. Жол-жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қала әкімшілігі сол маңайдың тұрғындары үшін айналма жолдарды қарастырады
Жүк көлігі ҚазМЗУ-дан солтүстік жақпен газ құрылғысы ауданы арқылы Кенесары көшесіне шыға алады, ал жеңіл көліктер Комсомол поселкесі арқылы Тұран даңғылына өтеді.
Қоғамдық көліктер де келесі жолдар бойынша маршруттарын өзгертеді:
-№35 маршруты бірінші «Аймақаралық аурухана» аялдамасынан «Думан» ойын-сауық орталығы аялдамасына дейін Қорғалжың трассасы бойынша өзгеріссіз жүреді, одан кейін Қорғалжың трассасы (ҚазМЗУ аялдамасы) саяжайлық учаскесіндегі Сарыарқа даңғылы - Кенесары көшесі - «Газмаш» АҚ бағыты бойынша уақытша жолмен жүреді, ары қарай - бұрынғы қозғалыс кестесі бойынша бағыт алады.
-№36 маршурты- бірінші - «ЕЦ-166/10» аялдамасынан «№9 лицей» аялдамасына дейін Сарыарқа даңғылы бойынша өзгеріссіз, ары қарай - Қорғалжың трассасы (ҚазМЗУ аялдамасы) саяжайлық учаскесіндегі Сарыарқа даңғылы - Кенесары көшесі - «Газмаш» АҚ бағыты бойынша уақытша жолмен жүреді, кейін - бұрынңы қозғалыс кестесі бойынша жүреді.
-№44 маршурты - бірінші «Мастер-2» ГМ аялдамасынан «Думан» ойын-сауық орталығы аялдамасына дейін Қорғалжың трассасы бойынша өзгеріссіз, ары қарай - Қорғалжың трассасы (ҚазМЗУ аялдамасы) саяжайлық учаскесіндегі Сарыарқа даңғылы - Кенесары көшесі - «Газмаш» АҚ бағыты бойынша уақытша жолмен, кейін бұрынғы бағыты бойынша жүреді.