Қорғалжын тасжолы 30 сәуірге дейін жартылай жабылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қорғалжын тасжолында қозғалыс 30 сәуірге дейін жартылай жабылады. Шара құрылыс жұмыстарына байланысты қабылданды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қорғалжын тасжолы 30 сәуірге дейін жартылай жабылады

Қорғалжын тасжолының Ш.Айтматов көшесімен қиылысатын аумағында ТМ-55 және ТМ-48 жылу магистральдары арасындағы бөгет салу аясындағы жұмыстарды бастау жоспарлануда.

«Осыған байланысты 23-30 сәуір аралығында аталған учаскеде, қоса берілген схемаға сәйкес, Қорғалжын тасжолы бойымен Үркер ауданына қарай автокөлік қозғалысы шектеледі», – делінген қалалық отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарламасында.

Мамандар елорда тұрғындары мен қонақтарын маршруттарын алдын ала жоспарлауға шақырады.