Қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырысқа 3 жылда 950 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді

АСТАНА. KAZINFORM – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырысқа 2025-2027 жылдары 950 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсауды көздеп отыр.

Қорғаныс министрлігі
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Бұл туралы министрліктің 3 жылдық бюджеті туралы ақпаратта айтылған.

Нақты айтсақ, «мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауды қамтамасыз ету» тармағына 2025 жылы 372 млрд 807 млн 559 мың теңге, 2026 жылға 284 млрд 193 млн 967 мың теңге 284 млрд 651 млн 954 мың теңге бөлу көзделген.

Сондай-ақ, құжатта 2025 жылы таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды өтеу үшін 429,9 млн теңге жұмсалатыны айтылған.

Ал «Өнеркәсіпті дамыту қоры» арқылы автобустарды лизингке жеңілдікпен сатып алуға биыл 15 млрд теңге жұмсалмақ.

«Жезқазғансирекмет» шаруашылық жүргізу құқықғындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны техникалық қайта өңдеуге және жаңғырту үшін жарғылық капиталын ұлғайтуға 1 млрд теңге қарастырылған.

Айта кетейік, қарашада Қорғаныс министрі Президентке бір жыл бойында атқарылған істердің есебін берген болатын.

 

Соңғы жаңалықтар