Қорғаныс университеті атауынан Тұңғыш Президент - Елбасы сөздері алынып тасталды

университет
Фото: Ұлттық қорғаныс университеті

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетінің атауы өзгереді. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысынан кейін депутат Бекбол Орынбасар айтты, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

«ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы» Конституциялық заңның қолданылуы тоқтатылуына байланысты «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» заңның нормаларына сәйкес келтіру керек болды. Заңда ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетінде оқыту мәселелері регламенттелген. Енді осы университеттің атауы өзгереді, Тұңғыш Президент-Елбасы деген сөз алынып тасталады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті деп аталады», — деді Б. Орынбасаров.


Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық қордан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жекелеген баптары мақұлданбады.

Бұл ретте, аталған баптардың жаңа редакциясын ұсына отырып, құжат Мәжіліске қайтарылды. 

Осы құжатта «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы» Конституциялық Заңның қолданылуы тоқтатылуына байланысты «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Заңның нормаларына сәйкес келтіру қамтылған.

Соңғы жаңалықтар