Қорғаныс министрі қаза тапқан ұшқыштардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов Су-27 экипажының қазаға ұшыраған ұшқыштарының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан ұшқыштардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты

«Қазақстанның Қарулы Күштерінің атынан және өз атымнан қызметтік міндеттерін атқару үстінде қазаға ұшыраған ҚР ҚК Әуе Қорғанысы күштерінің ұшқыштары подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбуновтың туыстары мен жақындарына терең қайғырған сезіммен көңіл айтамын және демеу сөздерімді білдіремін. Талантты, батыл және нағыз кемел шағындағы жас офицерлер дүниеден өтті. Бұл біздің бәріміз үшін ауыр қайғы. Олар әскери істің танылған кәсібилері болды, оларды кез келген жағдайда алға қойылған міндеттерді орындап шығатын ержүрек офицерлер деп танитын. Бұл қайғы бейбіт кезде де әскери мамандық рухы күшті және ержүрек адамдардың үлесі екенін тағы да еске салады», - делінген ҚР Қорғаныс министрлігі таратқан мәтінде.

Еске сала кетейік, әскери ұшақ 2014 жылғы 23 қыркүйекте түнде Алматы облысында апатқа ұшырады. Авиация оқиғасының себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.