Қорғаныс министрі Құрлық әскерлеріндегі қорытынды сынақтар барысын бақылады

ТАНА. 7 қараша. қазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Құрлық әскерлеріндегі қорытынды сынақтар барысын бақылады,

Қорғаныс министрі Құрлық әскерлеріндегі қорытынды сынақтар барысын бақылады

деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

на-сборах-СВ-Коктал«Көктал» оқу полигонында Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеевтің жетекшілігімен әскери басшылық құрамның төрт күндік оқу-әдістемелік жиыны өтті. Жиынның мақсаты жедел және жауынгерлік әзірлікті заманауи талаптарға сәйкес одан әрі жетілдіру және жүргізу болып табылады.

Бүгінде Құрлық әскерлерінің жауынгерлік дайындығына ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тапсырмаларды шешу кепіл болады. Бұл жерде негізгі күш елді мекендердегі, далалық және таулы жерлердегі заңсыз қарулы құрылымдардың көзін жоюға жұмылдырады.

на сборах-СВ-КокталҚорғаныс министрі сынақтардың қорытындысы шығарылған күні роталық-тактикалық жаттығулардағы тәжірибелік сабақтарды бақылады. «Көктал» полигонында мотоатқыштардан, аэроұтқыр және артиллериялық бөлімшелерден құралған роталық тактикалық топ армиялық авиацияның қолдауымен таулы аймақты қорғап, шартты банды құрамын қоршауға алып, олардың көзін жойды.

Жаттығуларды өткізу барысында жауынгерлік реттілікке, ату жүйесіне, аймақтағы инженерлік құрылғыларды сауатты пайдалануға, сондай-ақ жауынгерлік қимылдарға айрықша мән берілді.

«Әскери қызметшілер жоспарлау және күштерді қолдануда жақсы тәжірибе алды, - деп атап өтті Қорғаныс министрі. Қалада және таулы аймақта ұрыс жүргізудің өзіндік қиыншылықтары бар. Бұл жауынгерлерден тәжірибе мен әртүрлі әдістерді талап етеді».

Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков жеке құрам тактикалық тәжірибелерін дәлелдеген жаттығудың қорытындысына қанағаттанатындығын жеткізді.

на сборах-СВ-Коктал Аталған жаттығу әлемдік жетекші державалардың жауынгерлік іс-қимылдары мен шетелдік армиялардың жауынгерлік дайындығына терең талдау жүргізе отырып өткізілді. Құрлық әскерлерінің басшылығы атап өткендей, математикалық моделдеу жүргізіліп, қашықтық және оқ-дәрілердің саны есептелді.

Жиынның маңызды бағыты ретінде бөлім командирлері мен олардың орынбасарларының кәсіби біліктілігін тексеру болғанын атап өткен жөн. Құрлық әскерлерінің басшылық құрамы тактикалық және арнайы тактикалық дайындық бойынша сынақ тапсырды. Денешынықтыру бойынша да офицерлер өз нормативтерін бағындыра алды.