Қорғаныс министрі жасұландықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

  АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков

Қорғаныс министрі жасұландықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебінің тәрбиеленушілерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

«Ел Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығының арқасында әскери институттар мен мектептерде жоғары дәрежелі оқытушылар білім беруде, онда оқу-материалдық базасы мен заманауи стандарттарға сай жағдайлар жасалған. Сіздер бақыттысыздар. Елбасы,  сіздердің ертеңгі күні Отан қорғаны болатындарыңызға сенеді. Біраз жылдар өткен соң сіздер - қазіргі жасөспірімдер мемлекетімізге қызмет ететін боласыздар», - деп атап өтті Қорғаныс ведомствосының басшысы.

Жасұландықтар салтанатты жағдайда Аяз атамен және Ақшақармен бірге Жаңа жылдық шыршаның отын жақты. Оларға министрдің атынан сыйлықтар тапсырылды.