Қорғаныс министрінің орынбасары Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ директорлар кеңесінің отырысы жаңа құрамда өтті, деп хабарлады ӘСЗО баспасөз қызметі.
Директорлар кеңесінің төрағасы болып Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары Иманжүсіп Ақпомбаев бірауыздан сайланды.
Кездесу барысында «ӘСЗО» АҚ президенті Б.Әбдірайым орталықтың қызметімен, сондай-ақ стратегиялық жоспарларымен таныстырды. И.Ақпомбаев орталықтың қол жеткізген нәтижелерін атап өтіп, алдағы қызметіне табыстар тіледі.
«ӘСЗО» АҚ қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету саласындағы тәуелсіз зерттеу институты болып табылады.