Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал Бағдат Майкеев ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрлігінде жаңа тұтқындау орын алды. Бүгін осы ведомство басшысының орынбасары, генерал Бағдат Майкеевтің ұсталғаны белгілі болды, деп хабарлады КТК телеарнасы.
«Армияның бүкіл мемлекеттік сатып алуларына басшылық жасаған жоғары шенді әскери тұлға белгілі бір коммерциялық құрылымдардың мүдделеріне басымдық беру үшін пара алуға күдіктелуде», - делінген хабарламада.
Арнайы қызмет қызметкерлері генерал-майорды үйінің ауласында ұстаған. Майкеевте екі миллион доллар ақша болған - жедел қызмет орындарының мәліметтеріне қарағанда, бұл қаражат қорғаныс ведомcтвосының көптеген тендерлеріне қатысушы кәсіпкерлерден алынған пара тәрізді.
Сот генералды тұтқындауға санкция берді және қазір ол ҰҚК-нің тергеу абақтысына жабылды.
Соңғы жыл ішінде бұл - Қорғаныс министрлігіндегі осымен үшінші сыбайлас жемқорлық жанжал. Бұдан бұрын генералдар Алмаз Әсенов пен Асқар Бүлдешов түрмеге отырғызылған болатын. Олардың екеуіне де пара алғаны және қызмет өкілдіктерін асыра пайдаланғаны үшін ұзақ мерзімге үкім шығарылды.