Қорғаныс министрінің орынбасары Ұлттық Қорғаныс университетінің жаңа басшысын таныстырды
деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Айта кету керек, Ұлттық Қорғаныс университеті еліміздің барлық күш-қуат құрылымдары үшін әскери кадрлар дайындап, мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге үлкен үлес қосуда. Бұл оқу орнындағы әскери кадрлар дайындығының сапасы қазақстандық армияның жауынгерлік дайындығы деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Қорғаныс министрінің орынбасары университеттің профессор-оқытушылар құрамының алдында сөйлеген сөзінде, білім сапасын арттыру жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру тұрғысында университеттің үлкен жұмыстар атқарып отырғанын атап көрсетті. Оқу жоспарлары мен бағдарламалары қайта қаралып шықты, нәтижесінде тәжірибелік сабақтардың ауқымы артты. Оқытушылық қызметке Қазақстан ғалымдарымен қоса Ресей Федерациясы мен Беларус Республикасынан 11 ғылым докторы тартылып отыр. Оған қоса, Еуропа мен Американың жетекші елдерінің мамандары университеттің профессор-оқытушылар құрамымен оқыту семинарларын өткізіп тұрады. Әскери университетте сондай-ақ, оқытудың интерактивтік технологияларын қолдануға мүмкіндік беретін мультисервистік ақпараттық білім ортасы құрылған.
Офицерлік құрамның біліктілігін арттыру үшін алғаш рет университет жанында академиялық білімдері жоқ офицерлерге арналған академиялық курстар ұйымдастырылды. Әскери ғылымды әрі қарай дамыту мәселесінде де қыруар істер атқарылды: кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғау жөніндегі кеңестер ашылды, докторантураның жекелеген мамандықтары бойынша білім берудің мемлекеттік жалпы білім стандарттары бекітілді. Осылайша, Ұлттық Қорғаныс университеті докторантура ашылған республиканың жетекші азаматтық жоғары оқу орындарымен бір қатардан орын алды.
Университетте қазақстандық әскери қызметкерлермен бірге Қырғызстан мен Тәжікстан Қарулы Күштерінің өкілдері білім алуда. Елбасы Н.Назарбаевтың нұсқауы бойынша Астанада университеттің жаңа кешені салынып жатыр.
Қорғаныс министрінің орынбасары бүгін сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінің Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусында болып, оның материалдық-техникалық базасымен танысты.