Қорғаныс министрлігі 2011 жылы 4,7 миллиард теңгенің мемлекеттік сатып алуларын жоспарлап отыр

АЛМАТЫ. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - ҚР Қарулы Күштерінің Материалдық қамтамасыз ету Бас басқармасы биыл 4,8 миллиард теңгенің мүлкін мемлекеттік сатып алуға 6 байқау өткізді.

Қорғаныс министрлігі 2011 жылы 4,7 миллиард теңгенің мемлекеттік сатып алуларын жоспарлап отыр

Бұл кеше Алматыда өткен "Жеңіл өнеркәсіптегі қазақстандық үлес" деп аталатын конференция жұмысы кезінде айтылды.

"ҚР Қорғаныс министрлігі биыл 153 миллион теңгенің киім-кешегін, 0,9 миллиард теңгенің аяқ киімін, 2,5 миллиард теңгенің төсек жамылғысын және 1 миллиардтан астам теңгенің құрал-жабдығы мен қызметін сатып алды. Енді 2011 жылы 4,7 миллиард теңгенің, 2012 жылы 6,1 миллиард теңгенің мемлекеттік сатып алулары жоспарланып отыр", дейді ҚР Қорғаныс министрлігі Қарулы күштерінің Материалдық қамтамасыз ету Бас басқармасы төрағасының орынбасары Талғат Дәулетов.

Оның айтуынша, келесі жылы министрліктің құзырлы басқармасы 3,7 миллиард теңгенің киім-кешегі, 998 миллион теңгенің аяқ-киімі мен 85 миллион теңгенің төсек жапқыштарын алмақ. Ал арғы жылы киім кешекке - 5,2 миллиард теңге, аяқ киімдерге - 899 миллион теңге, төсек жамылғысына 25,9 миллион теңге қарастырылып отыр.