18:21, 09 Тамыз 2019 | GMT +5
Қорғаныс министрлігі арыстықтарға үндеу тастады
НҰРСҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының тұрғындарына үндеу тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Қорғаныс министрлігі Арыс қаласының тұрғындарына оқ-дәрілердің бөлшектері мен басқа да күдікті заттар табылған жағдайда мобильді топқа хабарлап, ешқандай дербес іс-қимыл жасамауды сұрайды. Арыс қаласында тұрғындардың өтініштері бойынша әрекет ететін инженер-саперлердің мобильді тобы жұмыс істейтінін еске саламыз. Мамандар қала аумағында табылған заттарды жинау бойынша тиісті жұмыстар жүргізеді. Инженер-саперлерді шақыру үшін мобильді топтың аға өкілі күн сайын кезекшілік ететін 102 телефонына қоңырау шалып, орналасқан жерін және басқа да қажетті мәліметтерді хабарлау қажет», - делінген мнистрліктің хабарламасында.