Қорғаныс министрлiгi: Әйелдер әскерге келуге ынталы
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтiң айтуынша, әскерге келуге құлшыныс танытатын әйелдердiң саны өте көп.
"Әйелдер әскерге келуге ынталы. Дегенмен олар орналастырылатын қызметтердiң тiзiмi, өкiнiшке орай, шектеулi. Сондықтан бiзде оларды қабылдайтын мүмкiндiк жоқ", - дедi ол бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте.
Сонымен қатар бiздiң елде израильдiк әскерге қарағанда, әскери тәртіп жұмсақтау болып келедi. "Сондықтан олар медбике, iс-қағаз жүргiзушi, радист және кейбiр әскери қызметтерге тағайындалады", - дедi ол.