Қорғаныс министрлігі келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдайтын 34 жинақтау пунктін іске қосты

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Қарулы Күштерінде офицерлік құрам лауазымдарына келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді жаңа принцип бойынша жинақтау енгізілді.
None
None

Оның негізгі мәні әскери қызметке өз еркімен барғысы келетін, кәсіби, моральдік және психологиялық, сондай-ақ дене тәрбиесі жағынан жақсы дайындығы бар азаматтарды тарту. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ведомствоның атап өтуінше, аталған жүйенің жұмысын жақсарту мақсатында Қорғаныс министрлігі келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдайтын пункттерді құру бағдарламасын жасады. 2013 жылдың 1 наурызынан Қазақстанның әртүрлі қалаларында 34 жинақтау пункті өз жұмысын бастады.

Үгіт жұмысының кең ауқымда жүргізілуі, іріктеудің нақтылығы, қажетті құжаттар санының азаюы өз нәтижесін берді. Тек жұмыс басталған алғашқы айдан бастап жинақтау пунктінің қызметкерлері запастағы 300-ден астам офицер мен 280-ге жуық келісімшарт бойынша әскери қызметшіні іріктеді.

«Мұндай көрсеткішке жинақтау пунктіндегі жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуы және келісімшарт бойынша әскери қызметке барғысы келетін әрбір азаматпен жеке әңгімелесу нәтижесінде қол жетіп отыр», - делінген хабарламада.

Болашақта мұндай жинақтау пункттерін Қазақстаннның бүкіл қалалары мен елді мекендерінде ашу жоспарда бар. Жинақтау пунктінде келісімшарт бойынша әскери қызметке барғысы келетіндер толық ақпараттандырылып, Қарулы Күштер қатарына жазылуға мүмкіндік алады.

Соңғы жаңалықтар