Қорғаныс министрлігі Қорғаныс мәселелері және әскери қызмет жөніндегі заңдарға өзгерістер енгізеді

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының қорғаныс мәселелері және әскери қызмет жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеуді бастады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Аталған заң жобасын әзірлеу қорғаныс және әскери қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларға құқықтық мониторинг жүргізу барысында анықталған қарама-қайшылықтарды жоюдың қажеттігінен туындап отыр.

Қазіргі уақытта құрамына мүдделі мемлекеттік органдар мен ғылыми мекемелердің өкілдері кіретін заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылуда.

Заң жобасын жұмыс тобында қарап болғаннан кейін одан әрі талқылау үшін Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыра отырып, мемлекеттік органдарға келісуге жолдау жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар