Қорғаныс министрлігі Қостанайдағы ресейлік техникаларға қатысты жағдайды түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрлігі ресейлік техниканың Қостанай облысындағы қозғалысына қатысты ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігі Қостанайдағы ресейлік техникаларға қатысты жағдайды түсіндірді

«Қостанай облысында ресейлік техниканың қозғалысына қатысты бейнежазбада аталған техникалардың Байқоңырдан іздестіру-құтқару командаларын қамтамасыз ету бөлімшесінің легі құрамында Ресей Федерациясындағы тұрақты орналасу бекетіне қарай бағытталған сәті тіркелгенін хабарлаймыз»,-делінген хабарламада.

Бөлімше Қазақстанда биыл 14 наурыздан бастап Қостанай облысының Арқалық ауданына қонған ғарышкерлермен капсула іздестіру мақсатында орналасты.

Бұған дейін хабарланғандай, Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-21» ғарыш кемесі ұшырылды. Сондай-ақ «Союз МС – 19» әуе кемесі қонды.