Қорғаныс министрлігінің ғимаратынан өрт шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрлігі ғимаратынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өрт видеосын куәгерлер Astanovka98 Telegram-арнасында жариялады және ақпаратты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов растады.

«Өрт сөндіруге шақырту түсті, қазіргі уақытта бөлімшелер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Өрт қазірдің өзінде ауыздықталды, толық ақпарат сәл кейінірек болады», - деді Р. Иманқұлов.

Оның айтуынша, ғимаратта 10 шаршы метр аумақта кеңсе жиһазы жанып кеткен.

«Сағат 13:42-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, оқиғаның себебі анықталып жатыр», - деп толықтырды ТЖМ баспасөз хатшысы.


Видеодан алынған кадр




Соңғы жаңалықтар