Қорғаныс министрлігінің «Мәңгі есімізде» журналистер байқауы аяқталуға жақын

Байқаудың негізгі мақсаты - 1941-1945 жылдардағы Ұлы отан соғысындағы тарих, қазақстандық сарбаздар, офицерлер мен тыл еңбеккерлерінің Жеңіске қосқан үлесі, даңқты ерліктері мен қаһармандығы туралы халықты ауқымды ақпараттандыру.
Байқауға газет, радио және телеарна журналистері, ақпараттық агенттіктер, сонымен бірге екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы, майдангерлердің соғыстан кейінгі тағдыры, тыл еңбеккерлері, ҰОС ардагерлерінің қоғамдық ұйымдары туралы және майдан даласында қаза тапқандарды іздестіру туралы материалдарды жариялап жүрген штаттан тыс авторлар қатыса алады. 2015 жылғы 1 қаңтар мен 20 мамыр аралығында байқауға мемлекеттік және орыс тілдеріндегі материалдар қабылданады. Жеңімпаздар «Баспасөз басылымындағы үздік жарияланым», «Ғаламтор басылымдағы үздік жарияланым», «Үздік телесюжет/телебағдарлама», «Үздік радиосюжет/радиобағдарлама», «Үздік фоторепортаж/фотоочерк» атты бес номинация бойынша анықталады. Әр аталым бойынша бір жеңімпаз анықталады.