Қорғаныс министрлігінің өтінішінен кейін Жамбыл облысындағы қойма тексерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 маусымда Байзақ аудандық полиция бөліміне Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында Өндірістік база аумағында көптеген оқ-дәрілер табылғаны туралы хабар түсті. Осы күні бұл факті Байзақ аудандық полиция бөлімі Ақпараттарды тіркеу кітабына тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қорғаныс министрлігінің өтінішінен кейін Жамбыл облысындағы қойма тексерілді

«Аталған хабарламаны тексеру барысында Өндірістік базаның «Бақтияр-Group» ЖШС-ға тиесілі екені анықталды. Оның аумағында қара метал сынықтары (күйдірілген метал, болат және шойын) сақтаулы болған. Бұл металды «Бақтияр-Group» ЖШС 2021 жылдың 30 наурызында Түркістан облысы Арыс қаласы «Қазақтехнологиялар» АҚ метал сынықтары қоймасымен келісімге сәйкес алынған.

Хабарламаға сәйкес, «Бақтияр-Group» ЖШС түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы заңды тұлғалардың лицензиясы бар. Заңды тұлғаның мекенжайы мында тіркелген: ҚР, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы», - делінген министрліктің хабарламасында.