Қорғаныс саласының өкілдері өңірдегі қызметшілерді Алматыға ауыстыру үшін пара алған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Қорғаныс министрлігі саласында жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны артты. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Биыл Қорғаныс министрлігі саласында жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны артқанын атап өткен жөн. Бұл саладағы сыбайлас жемқорлықтың көрінісі ең алдымен елдің қорғаныс қабілетіне әсер етеді. Қорғаныс жүйесінде орын алған сыбайлас жемқорлық көріністеріне парақорлық пен бюджет қаражатын ұрлау жатады», - делінген агенттік ақпаратында.

Мәселен, осы жылдың 7 айында, 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қылмыстық істердің саны 11-ден 31-ге дейін, яғни үш есеге артты. Оның ішінде 22 іс сотқа жіберіліп, жергілікті органдардың 7 лауазымды тұлғасы сотталды. Айталық өткен аптада ғана Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Әскери өкілдіктер орталығы Әуе қорғанысы күштері бағытының бастығын, ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті бастығының бұрынғы орынбасарын және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты курсанттарының взвод командирін ұстады.

«Олар жүйелі түрде делдал офицерлер арқылы әскери қызметшілерді басқа өңірлерден Алматы қаласының әскери бөлімдеріне ауыстыру бойынша «кадрлық бизнес» ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Алынған заңсыз ақшалай сыйақы сомасы бір әскери қызметшіні ауыстырғаны үшін 800 мыңнан 1,1 млн теңгеге дейін өзгеріп отырған»,- деді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар