«Қорғас АЭА - Шығыс қақпасы» БӨП-де кедендік декларациялауы қайта іске қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қорғас АЭА - Шығыс қақпасы» БӨП-де кедендік декларациялауы қайта іске қосылды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қорғас АЭА - Шығыс қақпасы» БӨП-де кедендік декларациялауы қайта іске қосылды

Қазақстан Республикасы Үкіметі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 маусымдағы №762 «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қазақстандық бөлігінде бақылау-өткізу пунктін құру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 1 қазандағы №565 қаулысын қабылдады.

Көрсетілген қаулысына сәйкес бақылау-өткізу пунктінің (бұдан әрі -  БӨП) аумағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 243-бабына сәйкес тауарларды ЕЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу орны болып белгіленді.

Көрсетілген қаулысы қолданысқа енуіне байланысты, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Алтынкөл» кеден бекетінің «Қорғас АЭА - Шығыс қақпасы» БӨП-те ШЫХО «Қорғас» арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты экспорттық импорттық операциялардың кедендік декларациялауы қайта іске қосылды.

Сонымен, қабылданған шешім барлық заңды және жеке тұлғаларға ШЫХО «Қорғас» БӨП-те кедендік рәсімдерін тапсыру жолымен, ШЫХО аумағы арқылы тауарларды өткізуге жол береді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының «ШЫХО «Қорғас» қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасымен жұмыс жүргізілуде, сонымен ЕЭО-тың жаңа Кеден Кодексінің жобасына АЭА аумағына тауарларды кіргізу және шығару кезінде кедендік әкімшілендіру мәселелерін реттейтін бөлек құқықтық нормалары енгізілді.

Осы шаралар Орталықтың инфрақұрылымдардың объектілерін салу үшін инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайларды жасауға жол береді, шекаралық ыңтымақтастықты одан әрі дамыту үшін жаңа импульс береді