Қорғас арқылы қымбат тондар мен телефондарды өткізбек болғандар ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Қытай шекарасында ұялы телефондар мен тері бұйымдарының ірі партиясының жолы кесілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.
«Қорғас» өткізу бекетінің жасағы Қазақстанның 40 жастағы азаматшасын ұстады. Ол Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығынан Қазақстанға көп мөлшердегі ұялы телефондарды заңсыз кіргізбек болған. Тексеріс барысында одан 396 дана «Xiaomi» маркалы телефондар табылған.
Сонымен қатар дәл осы бағытпен келе жатқан, тері бұйымдарын заңсыз кіргізбек болған Қазақстанның 29 жастағы тұрғыны да ұсталды. Онда 8 қаракүзен терісінен жасалған тон бар екені анықталды.
Аталған фактілер бойынша тиісті органдарға хабар берілді.