«Қорғас» бақылау бекетінде ҚР заңын бұзған 7 қытай азаматы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары ҚР миграция туралы заңын бұзған Қытай елінің 7 азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

«Қорғас» бақылау бекетінде ҚР заңын бұзған 7 қытай азаматы ұсталды

«Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары Қытай елінің 7 азаматын тоқтатуға мәжбүр болды. Елімізден белгіленген уақытта шығып кетпеген азаматтар жаяу-жалпылап келе жатқан жерлерінен ұсталды», делінген хабарламада.

Оңтүстіктегі «Сарыағаш» шекара отрядының шекарашылары да шекара бұзып елдеріне қайтып бара жатқан 134 Өзбекстан азаматын ұстады.

«Сол секілді, еліміздің мемлекеттік шекарасын бұзып келе жатқан 130 шекара бұзушы бір мезгілде ұсталды. Олар негізінен Қазақстан Республикасының аумақтық және ішкі суларындағы тәртіпті, елімізде болу тәртібін және мемлекеттік шекара режімін бұзғандар болып табылады» деп нақтыланған хабарламада.

Аталған деректер бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды. Ұсталғандар әкімшілік жазаға тартылады.