«Қорғас» басқарушы компаниясының акциясы Жетісу облысы әкімдігінің меншігіне өтті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясының акциясы Жетісу облысы әкімдігіне берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтына сілтеме жасап.
None

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының 100 (бір жүз) пайыз мөлшерiндегi мемлекеттiк пакетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық меншіктен Жетісу облысы әкімдігінің коммуналдық меншiгіне берілсін», - делінген құжатта.

Еске салайық, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты үш жыл жұмыс істеген жоқ. 24 сәуірде жұмысы қайта басталды.


Соңғы жаңалықтар